«Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение «Отдел образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Кәмелетке толмағандардың мүлкіне иелік ету үшін анықтамалар беру»

«Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім  бөлімі» ММ мемлекеттік қызметтер көрсетеді

1. «Кәмелетке толмағандардың мүлкіне иелік ету үшін анықтамалар беру» «Мемлекеттік көрсетілетін  қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы  білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірі № 158 Отбасы және балалар саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы

«Кәмелетке толмағандардың мүлкіне иелік ету үшін анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті  (бұдан әрі-көрсетілетін қызмет) алу үшін жеке тұлғалар (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті алушы) «электрондық  үкіметтің » веб-порталы (бұдан әрі-портал) арқылы осы  Қағидаларға 2 – қосымшаға сәйкес «Кәмелетке толмағандардың мүлкіне иелік ету үшін анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі-Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптар) көзделген құжаттарды қоса бере отырып, осы  Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.

         Құжаттарды қараудың жалпы мерзімі және кәмелетке толмағандардың мүлкіне иелік ету үшін анықтамалар беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту 3 (үш) жұмыс күнін құрайды.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны -  электрондық (толық автоматтандырылған)

         Мемлекеттік  қызметті көрсету  нәтижесі – қорғаншылық және қамқоршылық туралы анықтама не осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптарының 9-тармағында көзделген жағдайлардажәне негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Порталда мемлекеттік кызмет көрсетудің нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі және сақталды.

 

Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар, баланың туу туралы куәлігі, неке қию немесе бұзу туралы куәлік туралы мәліметтерді, туу туралы анықтаманы (АХАЖ тіркеу пункті ақпараттық жүйесінде мәліметтер болмаған кезде), мүліктің бар екенін растайтын құжаттарды, қорғаншылық және қамқоршылық туралы анықтамаларды (қорғаншыларүшін) көрсетілетін қызметті беруші электрондық үкімет шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

         Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға өтінішті одан әрі қараудан бас тартады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша ақпараттандыру мақсатында «Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сайтында электрондық мекен –жайы: shortandy_roo@mail.ru және ақпараттық стендтерде, әлеуметтік желілірде жарияланады. Мемлекеттік  қызмет көрсету мәселесі жөнінде сұрақтарыңыз болса мына телефонға: 3-51-70 хабарласуларыңызға болады.

           Көрсетілетін қызметті берушінің  жұмыс кестесі:

Қазақстан Республикасының  еңбек заңнамасына сәйкес көрсетілетін

 қызметті берушінің белгіленген жұмыс кестесі бойынша демалыс және

мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі- жұма аралығында сағат 13.00 –

ден 14.30 –ге дейін  түскі үзіліспен сағат 09.00- ден 18.30 –ге дейін

жүргізіледі.

Жаңартылған күні: 03.05.2024 16:16
Құрылған күні: 03.05.2024 16:16

Текст