«Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение «Отдел образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған аудандық «Мұқағали Мақатаев оқулары» жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында онлайн режимінде өткізілді.

12.03.2021

Ағымдағы жылдың 10 наурызында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған аудандық «Мұқағали Мақатаев оқулары»

жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында онлайн режимінде өткізілді.

 

       Аудандық білім бөлімінің жоспарының негізінде «Тәуелсіздіктің 30-жылдығына орай» қашықтықтан  ақиық ақын «М.Мақатаев оқуы» өтті.

Байқаудың міндеттері мен  мақсаты:

  • Жалпы білім беретін оқу орындарының оқушылары арасында өткізілетін М.Мақатаевтың шығармаларын насихаттау;
  • Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін,эстетикалық талғамдарын,тума талант,табиғи дарындарын анықтау;
  • Оқушылардың поэзияға деген құштарлығын анықтау,өлең сөзініңқұдыреті мен қуатын жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге үйрету. Өз ой-пікірін,ғылыми тұрғыда жеткізе білуін дамыту;
  • Жас ақындарға әлеуметтік рухани қолдау көрсетіп, олармен шығармашылық жұмыс түрлерін жандандыру. Жас буынның тарихи танымдарын,демократияға және азаматтыққа бағдарланған дүниетанымдары мен сана-сезімдерін,өмірге көзқарасын қалыптастыру.

      Аудандық байқауғаШортанды №1 ОМ, Шортанды №3 ОМ, Степной ОМ, Новокубанка ОМ, Новоселовка ОМ, Жолымбет №2 ОМ, Бозайғыр ОМ, Төңкеріс бекетінің негізгі орта мектебі, Мықтыкөл негізгі орта мектептерінен барлығы 29 оқу қатысып өз бақтарын сынасып, жүлделі орындарға ие болды. Байқау үш номинация бойынша өтті. «Айтып өткен ақында арман бар ма?» ақынның өлеңін жатқа оқу. Бұл номинация бойынша 11 оқушы қатысып, облыстық байқауыға қатысуға Бозайғыр ОМ 9 сынып оқушысы Сүндетбай Ләйлә , екінші номинация «Көкірегімде жыр сәулесі маздайды...» оқушы өз шығармашылымен яғни өз туындысын оқиды. Облысқа байқауға қатысу үшін Бозайғыр орта мектебінің 11 сынып оқушысы Тилеубек Гулдаурен, үшінші номинация«Сыр сандықты ашып қара, Ашып қара сырласым» бұл номинация бойынша облыстық байқауға қатысуға Степной орта мектебінің 11 сынып оқушысы Сәулетай Жеңіс жолдама алды.Байқауға қатысқан барлық оқушыларымыз І,ІІ,ІІІ орындарға ие болып, аудадық білім бөлімінің дипломымен марапатталды. Байқауға қатысқан оқушыларымызды жүлделі орындарыңызбен құттықтаймыз. Облыстық байқауға қатысушы оқушыларымызға сәттілік тілейміз!

Просмотров: 349


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст