«Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение «Отдел образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Абай оқуларының» аудандық байқауы өткізілді

06.04.2021

    

    

           «Абай оқуларының» аудандық байқауы өткізілді.

      Ауданымызда жалпы білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылар арасында  Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ХХІІ республикалық Абай оқуларының аудандық кезеңі өткізілді.   Абай оқуларының негізгі мақсаты қазақ халқының әдеби мұраларын дәріптеу, мектеп оқушыларының классикалық әдебиеттерді  оқуға  деген қызығушылықтарын арттыру. Абай оқуларының негізгі міндеттері Абай және Шәкәрім шығармаларындағы эстетикалық талғам мен тұлғалық қасиетті насихаттау, ұлылар поэзиясына, ұлттың рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Абай оқулары 6 номинация бойынша өткізіледі:

1. «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы – Абай өлеңдерін жатқа оқу конкурсы.

2. «Абайдың қара сөздері» номинациясы бойынша Абай қарасөздерін жатқа, мәнерлеп оқу.

3. «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» номинациясы бойынша Шәкерім Құдайбердіұлы, Ақылбай Абайұлы, Мағауия Абайұлы шығармаларын жатқа оқу. 

4. «Көңілім әнді ұғады» номинациясы – оқушының Абай және Шәкәрім әндері мен күйлерін орындау

5. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда»  номинациясы –оқушылардың өз шығармаларын орындауы.

6. «Ұлылар әлемі» Абай мен Шәкәрімнің шығармашылығына, рухани болмысына қатысты тақырыпқа (ұсынылған тақырыптардан таңдау) эссе жазу.

Байқауға  барлығы 45 оқушы қатысып, аудандық  білім бөлімі басшысының І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдармен және алғыс хат, сертификаттармен марапатталды. Аудандық байқаудан үздік шыққан «Абайдың қара сөздері» номинациясы бойынша Степной орта мектебінің 9 сынып оқушысы Малчыбай Айсұлу, «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» ноинациясы бойынша Бозайғыр орта мектебінің 9 сынып оқушысы Сүндетбай Фарида, «Көңілім әнді ұғады» номинациясы бойынша Бозайғыр орта мектебінің 9 сынып оқушысы  Көкіш Айдос, «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда»  номинациясы бойынша Бозайғыр орта мектебінің 11 сынып оқушысы Тилеубек Гүлдаурен, «Ұлылар әлемі» номинациясы бойынша Шортанды №3 орта мектебінің 11 сынып оқушысы Хапар Мединалар облыстық Абай оқуы байқауына қатысуға жолдама алды.

Байқауға қатысқан барлық қатысушыларымызға жүлделеріңіз құтты болсын. Облыстық  байқауға қатысушыларымызға сәттілік!

Просмотров: 451


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст