«Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение «Отдел образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Махамбет оқуларының» аудандық байқауы өткізілді

06.04.2021

 

«Махамбет оқуларының» аудандық байқауы өткізілді.

      Ауданымызда жалпы  білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылар арасында  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай облыстық Махамбет оқуларының аудандық кезеңі өткізілді.  

Аудандық  Махамбет оқуларының негізгі мақсаты мен міндеттері:

Мектеп оқушылары арасында Махамбет шығармаларын насихаттау;

- Олардың шығармашылық қабілеттерін,эстетикалық талғамдарын, тұлғалық сезім,мәдениетін дамыту;

- Ұлылар поэзиясына,рұхани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, тарихи танымдарын,ізгілікке,демократияғажәне азаматтыққа бағдарланған дүниетанымдары мен сана сіезімдерін,тарихи танымдарын қалыптастыру. Махамбет оқулары 3 номинация бойынша өткізіледі:

1. «Ел құтқарар ер едім» номинациясы – Махамбет, Мұрат  Мөңкеұлы, Шернияз Жарылғасұлы, Фариза Оңғарсынова шығармаларын жатқа оқу .

2.  «Тартынбай Сөйлер асылмын...» номинациясы жас дарындар конкурсы  өз шығармаларын орындау. 

3. «Ұлы арман» номинациясы – Махамбеттің күйлерін, Фариза Оңғарсынованың өлеңдеріне шығарылған әндерін орындау

     Байқауға  барлығы 20 оқушы қатысып, аудандық  білім бөлімі басшысының І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдармен және алғыс хат, сертификаттармен марапатталды. Облыстық байқауға қатысу үшін аудандық байқаудан үздік деп шыққан «Ел құтқарар ер едім» номинациясы – Новоселовка орта мектебінің 9 сынып оқушысы Сәрсенби Аян, «Тартынбай Сөйлер асылмын...» номинациясы Степной орта мектебінің 8 сынып оқушысы Нұрлан Аяулым, «Ұлы арман» номинациясынан Бозайғыр орта мектебінің 8 сынып оқушысы Кемелбек Аяулым Алимжанқызы облыстық Махамбет оқуы байқауына қатысуға жолдама алды.

Байқауға қатысқан барлық қатысушыларымызға жүлделеріңіз құтты болсын. Облыстық  байқауға қатысушыларымызға сәттілік!

Просмотров: 438


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст