«Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение «Отдел образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Шортанды ауданында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру ұйымдарының үздік педагогы анықталды

30.04.2021

     

    

Шортанды ауданында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі

және жалпы орта білім беру ұйымдарының үздік педагогы анықталды

 

       2021 жылдың 27 сәуірінде  «Үздік педагог» облыстық сырттай байқауының аудандық кезеңі өтті.

       Іс-шара білім беру ұйымдарының  шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтарының педагогикалық шеберлігін арттыруға және ынталандыруға ықпал етеді.

       Байқау барысында педагогтер өздерінің ұсынған материалдарында кәсіби-педагогикалық шеберлігін, шығармашылық ерекшелігін, жалпы педагогикалық практиканы білетіндігін, оқыту әдістемесін меңгеру деңгейін көрсетті.

       Конкурсқа қатысушылар кәсіби портфолиосымен толықтырылған «Менің жүрегімдегі мектеп» атты бейнероликте өзін-өзі таныстыруды айқын көрсетті, сондай-ақ «Мұғалім-мәртебелі мамандық», «Заманауи тәрбие құндылықтарының өзекті проблемалары», «Педагогикалық менеджмент білім беру жүйесіндегі сапалы қайта құрулардың шарты ретінде» және «Педагогикалық шеберлік тәрбие мен оқыту өнері ретінде» тақырыптарында эссенің әдеби жанрында жоғары шеберлік көрсетті.

       Байқаудың қорытындысы бойынша жалпы білім беретін ұйымдарының педагогтарының арасынан келесі жеңімпаздар анықталды:

       I орын – Асауй Жарқынгүл, Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Шортанды кентінің №3 жалпы орта білім беретін мектебі;

       II орын – Сәрсенби Ақынбай, Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Новоселовка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі;

       II орын – Өнер Алтынгүл, Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Научный кентінің  жалпы орта білім беретін мектебі;

       III орын – Мубарак Қалаған, Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Жолымбет кентінің №2 жалпы орта білім беретін мектебі.

       Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтарынан:

       I орын – Оспанова Индира, Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Шортанды кентінің №3 жалпы орта білім беретін мектебінің жанындағы «Айналайын» шағын орталығы;

       II орын – Хаверко О.А., Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің жаныныдағы Шортанды кентінің «Балдәурен» балабақшасы;

       IIІ орын – Бакытова Динара Женисовна, Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Бозайғырауылының «Бөбек» балабақшасы;

       Конкурс қатысушылары мен жеңімпаздары Шортанды ауданы білім бөлімінің  дипломдарымен, алғыс хаттарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Просмотров: 456

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст