«Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение «Отдел образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурстық рәсімді өткізу жөніндегі конкурстық комиссия отырысының № 1 хаттамасы

12.07.2023

        Бектау ауылында "Алтын сақа –2" ЖШС жаңадан ашылатын "Балапан" жекеменшік бөбекжайы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға арналған конкурстық

                                              қарау бойынша      № 1 хаттамасы

 

Өтетін күні: 2023 жылғы 30 маусым

Өткізу уақыты: Басталуы 10 сағат 00 мин.

аяқталуы 12 сағат 00 мин.

Отырыс өтетін орын: Ақмола облысы Шортанды ауданы, Шортанды кенті,   50 лет Октября  көшесі, 91.

  1. Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі конкурстық комиссияның  құрамында:

Ахметова                            -    «Ақмола облысы білім басқармасының

Шолпан Хасенқызы               Шортанды ауданы бойынша білім   

                                                 бөлімі" мемлекеттік мекемесінің             

                                                 басшысы, конкурстық комиссияның

                                                 төрайымы.

Мерейхан Мерует                      -   Ақмола облысы білім басқармасының

                                                         Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің

                                                        әдіскері, комиссия хатшысы.

                                           Комиссия мүшелері:

 

Хаверко                                                  

Татьяна Сергеевна    

 

 

 

 

Едигенов Кайрат Темиргалиевич

 

 

 

Сулейменова

Диляра Бектибаевна

"Нұр-сұлтан қаласы және Ақмола облысы Білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы" қоғамдық бірлестігінің Шортанды филиалының төрағасы (келісім бойынша);

 

Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасы Шортанды ауданы филиалының директоры

(келісім бойынша);

 

 

Шортанды ауданының экономика және қаржы бөлімінің бас маманы;

 

 

Хапур Айнагуль 

 

 

 

Авдхадыр Айбек 

 

 

 

Кусаинова

Галия Ануарбековна

 

 

Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі;

 

Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің әдіскері;

 

Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің заңгері.

 

Өтінімді қарады

: - Бектау ауылындағы  " Алтын сақа-2 "жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. "Алтын сақа-2"  "Балапан" жекеменшік бөбекжайы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын алуға арналған конкурстық рәсімге қатысу үшін мынадай құжаттарды ұсынды:

     1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) мектепке дейінгі ұйым басшысының қолымен және мөрімен расталған бейнебақылау камераларының, дабыл түймешесінің және дауыстық хабарландырудың бар болуы жөнінде ақпарат;

      3) Санитариялық қағидаларға сәйкес тәрбиеленушілерді (сыйымдылығы үш топқа дейін болған кезде) медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асыруға арналған бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету аумақтық ұйымымен шарт;

      4) штаттық кестенің және педагогикалық немесе бейіндік білімі бар педагогтердің белгіленген үлгідегі білім туралы құжаттарының көшірмелері;

      5) ғимаратты/үй-жайды жалдау шартының көшермесі (бар болса).

Осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынғаннан кейін Комиссия мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелер ("электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы www.egov.kz, www.elicense.kz) арқылы мынадай құжаттардың барын және жарамдылығын тексеруді жүзеге асырады:

      1) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Рұқсаттар және хабарламалар туралы Заң) сәйкес мектепке дейінгі тәрбие және оқыту саласындағы қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар;

      2) медициналық қызметке лицензиялар;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңды тұлғаны немесе жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы анықтамалар, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамалар;

      4) "Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының объектілеріндегі эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2022 жылғы 21 маусымдағы № 29/қе бұйрығына (Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдарының нормативтік құқықтық актілерді тіркеу № 28566 тізілімінде болып тіркелген) сәйкес мектепке дейінгі ұйымның санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды (бұдан әрі - № 29/қе бұйрық);

      5) Конкурсқа құжаттарды тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын мерзімде мемлекеттік кірістер органдарында жүргізілетін есеп бойынша берешегінің жоқ (бар) екені туралы мәліметтер.

Өтінім  "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім Министрінің  2022  жылғы 27 тамыздағы №381 бұйрығымен бекітілген талаптарға сәйкес келеді

Ашық дауыс беру арқылы: - "жақтап" - 7 (жеті)," қарсы " - 0 (нөл) комиссия

ШЕШТІ:

 ұсынылған күн тәртібін бекіту

2. Конкурстық комиссияның хатшысы Мерейхан Меруертті тыңдады.

Комиссия мүшелеріне кезекпен мектепке дейінгі ұйымдар мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесін қалыптастыру жөніндегі конкурстық рәсімге қатысу үшін берген, жаңа орындар ашқан (жаңаларын ашу, қолданыстағыларын кеңейту) құжаттар ұсынылды.

Алдын ала дауыс беру қорытындысы: "қолдап"-7; "қарсы"-0; "қалыс қалды" -0.

Алдын ала шешілген: мектепке дейінгі ұйымдар ұсынған құжаттар осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келеді

ШЕШТІ:

"Алтын сақа-2" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Бектау ауылындағы "Балапан" жекеменшік бөбекжайы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесіне 1,5 жылдан бастап 1 бірінші сыныпқа түскенге дейін -96 (тоқсан алты) орын көлемінде енгізілсін.

Комисся төрайымы: ______________ Ахметова Шолпан Хасеновна

комиссия хатшысы:       ______________ Мерейхан Мерует

  Комиссия мүшелері:

                                                 ______________ Хапур Айнагуль 

                                               ______________ Авдхадыр Айбек

                                            ______________ Хаверко  Татьяна Сергеевна

                                             ______________ Едигенов Кайрат Темиргалиевич

                                                ______________ Сулейменова Диляра Бектибаевна

                                        ______________ Кусаинова Галия Ануарбековна

Просмотров: 2088


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст