«Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение «Отдел образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жеке тұлғаға бағытталған заманауи оқыту технологиялары негізінде оқушылардың өзекті құзыреттілігін қалыптастыру» тақырыбында Шортанды №3 қазақ орта мектебінің базасында аудандық семинар ұйымдастырылды.

27.02.2018

    «Жеке тұлғаға бағытталған заманауи оқыту технологиялары негізінде оқушылардың өзекті құзыреттілігін қалыптастыру» тақырыбында Шортанды №3 қазақ орта мектебінің базасында аудандық семинар ұйымдастырылды.

    Семинардың негізгі мақсаты: Ғылыми-дидактикалық жұмыс жүргізу негізінде оқушылардың функционалды сауаттылығын дамытудағы педагогтардың кәсіби құзыреттілігін көтеру. Осы мақсатта ауданымыздың Шортанды №3 қазақ ОМ, Төнкеріс НМ, Степной ОМ,Новокубанка ОМ, Бозайғыр ОМ, Дамса ОМ, Ключев ОМ-терінің «бірінші» және «жоғары» санатқа өтініш беріп отырған ұстаздар өз ашық сабақтарын көрсетті.

     Атап айтсақ: Шортанды№3 қазақ ОМ -Н.Қасен «Әбілқайыр хандығы», Б. Сахбас «Қилысатын түзулер. Вертикаль бұрыштар», Қ.Хабдолда «Белгісіз қосылғышы бар теңдеулер»;

Бозайғыр ОМ -А.К. Сулекеева «Культура одежды», М.Ж. Толеубаева «Күй аңызы», Д.Н. Калмурзаев «Ғұндардың шаруашылығы, қоғамдық құрылысы және мәдениеті»; А.Ж. Сманова «Қоғамдағы құпия»; Ж.К. Нуржанова «Why Insects?»;

Степной ОМ- Б. Кирисхан «Үстеу», Ш.Б. Ибраева «Қазақстандағы Гулаг жүйесі», А. Дәлел «В дыбысы», Н.Серикбай « Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Алаш ұраны» өлеңі»;

Төнкеріс ОМ-Ш.Рахым «Жалпы есім және жалқы есім», Х. Тойлыхан «Теңдеу шешу», К.Дотей  Сайын Мұратбеков «Қылау», М.Амангелді «Қилысатын түзулер. Вертикаль бұрыштар»;

Дамса ОМ- Б. Ганиваль «Жамбыл жырларының қоғамдық мәні»;

Новокубанка ОМ-З.Н. Жаксылыкова «Қожекеңде қонақта Қожанасыр мен Алдаркөсе»;

Күлшін ОМ-К.К. Рахимжанова «Ю әрпі мен дыбысы», Ж.Т. Ержанов «Қазақша күрес тәсілі».  

       Семинар қорытындысы бойынша  экперт ретінде қатысқан мұғалімдерге бағалау парақтары таратылып, пікірлер алынды, ал ашық сабақ көрсеткен мұғалімдер өз сабақтарын сараптап, талдау жасады.

Просмотров: 543


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст