«Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение «Отдел образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2017 жылдағы Шортанды ауданының «Білім беру бөлімі» ММ мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы іс -әрекеті туралы ЕСЕБІ

21.02.2018

2017 жылдағы Шортанды ауданының «Білім беру бөлімі» ММ 

мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы іс -әрекеті туралы

ЕСЕБІ     

Шортанды ауданының мемлекеттік органдарымен мемлекеттік қызметті көрсету мемлекеттік қызметті

көрсету бойынша функцияны жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың бірыңғай жүйесіне кіреді.  

Шортанды ауданының «Білім беру бөлімі» ММ 24 мемлекеттік қызметті көрсетеді: 

1.  «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру»,

2. «Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу»,

3. «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, банктерге,

ішкі істер органдарына кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету және кәмелетке толмаған балаларға мұра ресімдеу үшін анықтамалар беру»,

4.  «Кәмелетке толмаған балаларға меншік құқығында тиесілі мүлікпен жасалатын мәмілелерді ресімдеу үшін

қорғаншылық немесе қамқоршылық бойынша функцияларды жүзеге асыратын органдардың анықтамаларын беру»,

5.  «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды

кезекке қою»,

6.  «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау»,

7.  «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін

ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау»,

8.  «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара

алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау»,

9.  «Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау»,

10. «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және

жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну»,

11. «Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін

құжаттар қабылдау және жолдама беру»,

12. «Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру»,

13. «Қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз

қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы тағайындау»,

14. «Негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру»,

15. «Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру»,

16.  «Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау»,

17. «Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке қою»,

18. «Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы

ақшалай төлемді тағайындау».

19. «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау».

20. «Үздік педагог» атағын беру конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау».

21. «Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау»

22. «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балалардын жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай

үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну».

23. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техниқалық және кәсіптік, орта білімнен

кейін білім беру  бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестаттаудан өткізуге құжаттар қабылдау»

24. «Балаға  кері әсер етпейтін ата-ана құқықтарынан  айырылған ата-аналарға баламен кездесуге рұқсат беру»

Шортанды ауданының «Білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі 24 мемлекеттік қызметтің түрі көрсетіледі,

мемлекеттік  қызмет Мемлекеттік корпорация, мемлекеттік органдармен және «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетіледі.

Барлық мемлекеттік қызметтер 2013 жылғы 15 сәуірдегі ҚР «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңының 24 бабының негізінде тегін көрсетіледі. 

Мемлекеттік органдар мемлекеттік қызметті көрсету кезінде 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V ҚР «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңын, бекітілген стандарттар мен регламенттерді, Қазақстан Республикасының Конституция негізін басшылық етеді.

Шортанды ауданының «Білім беру бөлімі» ММ 2017 жылы 4182 қызмет көрсетіліп, оның ішінде  мемлекеттік корпорациямен -635, ЭҮП арқылы -195, ал мемлекеттік органмен- 3352 .

Барынша сұранысқа ие қызметтер:

«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» - 1080, «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы

балаларды кезекке қою» - 759, «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» - 544.

 

2017 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардан шағымдар түскен жоқ.

 

  2017 жылға мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері

бойынша қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат

 

Шағым беруші туралы мәлімет

Шағымның мәні

Шағымды қарастырған және (немесе) шешім қабылдаған

орган (ұйым) 

Қарастыру күні

Шағымды қарастыру қорытындысы бойынша құжаттың №

Қабылданған шешім

Қабылданған шешімді қайта қарастыру туралы шешім

1

0

0

0

0

0

0

2

0

0

0

0

0

0

3

0

0

0

0

0

0

Ауданда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат тәртібі Шортанды ауданының "Мемлекеттік қызметтер" бөлімінің интернет-ресурсында орналасқан. Мемлекеттік қызмет стандарттары және регламенттерінің бекітілуіне қарай бұл бөлім білім беру бөлімінің, аудан әкімінің сайтында, мезгіл-мезгіл жаңартылып отырады. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттары туралы ақпарат, ақпараттық стендтерде  және жергілікті "Өрлеу" және "Вести" газеттерінде орналастырылған.

Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызмет туралы пікірлер, ұсыныстар, ескертулерді арнайы әкім

сайтының блогінде немесе Шортанды ауданының «Білім беру бөлімі» ММ  сайтына орналастыруға болады.

Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 9-00 бастап 18-00 дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден бастап 14-00-ге дейін жүзеге асырылады.

Байланыс ақпараттары: Шортанды кенті, 50 жылдығы Октябрь көшісі, 89. тел.:8(71631)

3-51-70. e-mail:  shortandy_roo@mail.ru.

Просмотров: 419


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст