«Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение «Отдел образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Әдістемелік кабинет қызметкерлерінің семинар кеңесі

01.02.2018

2018 жылдың 31 қаңтарында Шортанды кентінің  № 2 орта мектебінің  базасында «Білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» тақырыбында біліктілігін

арттырудың мәселесін жетекшілік ететін әдістемелік кабинет қызметкерлері  және Шортанды ауданының мектеп директорларының оқу-ісі жөніндегі орынбасарларымен облыстық семинар-кеңесі өткізілді. Семинар-кеңестің модераторлары Ақмола облыстық білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеттің

әдіскерлері Алиева Сауле Сагитовна, және Кырданова Асель Болатовна әріптестерді білім саласындағы педагогтардың кәсіби даму бағыттарымен таныстырды.

Облыс педагогтардың үздіксіз білім берудің өзекті мәселері, 2018 жылдағы негізгі бағыттары мен даму болашағы, атап айтқанда «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында педагогтың кәсіби дамуы», «Әдістемелік жұмыс білім беруді жаңғырту кезеңінде педагогтарды үздіксіз оқыту жүйесінің маңызды буыны ретінде» қарастырылды.

Семинарға Ақмола облысының қалалары мен аудандарының әдіскерлері, сонымен қатар саны 80 адамнан оқу-тәрбие жұмысы бойынша директорлардың орынбасарлары қатысты.

Семинар-кеңесте Шортанды ауданы педагогтарының инновациялық алаңдар презентациясы мынадай бағыттар бойынша өткізілді:

·       «Шортанды ауданының педагог қызметкерлерін желілік қоғамдастық арқылы ынтымақтастықты қамтамасыз ету»;

·      «Үштілділік – қазір замандағы білім берудің басым бағыттардың бірі».

«Дамса орта мектебі» ММ педагогтары Воронкова Т. И. және Виховская К. Н. «Робототехника» және

«Бастауыш сыныптарда көптілділікті енгізу» үйірме жұмысын көрсетті».

Семинар-кеңестің қорытындысы бойынша кеңеске қатысушыларға «Қазақстан Республикасының білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» нысаналы индикаторларына қол жеткізуді қамтамасыз ету бойынша ұсынымдар қабылданды.

Әдістемелік кабинеттің меңгерушісі Ш. Ахметова Шортанды аудандық білім беру  бөлімінің басшысы А. Кауметовтың атынан қатысушыларға және облыстық оқу-әдістемелік кабинетіне  алғыс білдірді.

Просмотров: 533


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст