«Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение «Отдел образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Асқақ ордам - Астана» атты Қазақстан Республикасы Президенті атынан жаңа жылдық шырша

26.12.2017

/Шортанды №3 орта мектебінде/ «Асқақ ордам - Астана» атты Қазақстан Республикасы Президенті

атынан жаңа жылдық шырша өтті.

    Аудан орталығындағы басты шыршаға жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, 7 жастан 13 жасқа дейінгі аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар қатысты.

    Жаңа жылдық кештің басында Шортанды ауданының әкімі Садвокасова Гульнур Ануарбековна балаларды жаңа жылдарымен құттықтады.

   "Жаңа жыл мерекесі қазақстандықтардың шаңырағына қуаныш, жылулық және мереклік көңіл-күй алып икеледі. Бұл күндері бізбарлығымыз үшін ерекше болған өткен жылды шығарып саламыз.Осы жылы сіздердің барлықтарыңыз жақсы жұмыс істедіңіздер, себебі бұл шыршаға өте жақсы оқушылар, ең белсенді, өнерлі

балалар шақырылады. Сіздердің барлықтарыңыз өз Отанын қорғайтын,білімді, дамыған адам болып қалыптасатын еліміздің патриоттары болатындарыңызға мен сенемін. Осы мереке сіздер үшін жарқын, ұмытылмас сәт болады деп үміттенемін. Сіздер біздің болашағымызсыздар. Сіздердің басты міндеттеріңіз – жақсы оқу, жігерлі, кішіпейіл, өнерлі, Отанын, ата-анасын сүйетін, қоршаған ортаны сыйлайтын азамат болу"-деді, Гульнур Ануарбековна. Сонымен қатар оларға зор денсаулық, спорт мен оқуда биік шығармашылыұ табыстар мен жетістіктер тіледі.   

   Жас көрермендер жаңа жылдық қойылымның белсенді қатысушылары болды. Олар ертегі кейіпкерлерімен бірге ән шырқап, би билеп, жұмақтар шешіп, бірге ойнады. Жаңа жылдық шырша қатысушыларына  тәтті дастархан жайылды. Мерекелік кеш соңында барлық бала аудан әкімінің атынан сыйлықтар алды.  Шырша балаларға жарқын, ұмытылмас көңіл-күй сыйлады.

Просмотров: 482


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст