«Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение «Отдел образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Құрметті жерлестер! Баршаңызды мерейлі мереке Тұңғыш Президент күнімен құттықтаймын!

30.11.2017

Құрметті жерлестер!

Баршаңызды мерейлі мереке Тұңғыш Президент күнімен құттықтаймын!

Еліміздегі тарихи таңдау күнi болып саналатын бұл мереке барша қазақстандықтардың Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың төңiрегiне топтасу күнi.

Өзінің мемлекеттік рәміздері бар тәуелсіз еліміздің уығын қадап,шаңырағын көтеріп, іргесін бекіткен Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың халық алдында еңбегі зор.

Қиын-қыстау кезеңдерде жұдырықтай жұмылудың үлгісін танытып, дархан пейілдің арқасында ұлт пен ұлыстың панасы болған кең жүректі халқымызға сенім артып, тұңғыш Президентіміз «Ел көшін бастау маған сын, мені қостау-елге сын...» деп, даналықтың үлгісін паш етті. Ендеше сол елім деген ардақ ұлдың ерім дейтін еліне лайықты болуымыз керек.

Қадірлі жерлестер! Бүгінгі мерекелеріңізбен құттықтап, баршаңыздың отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге

саулық тілеймін!

Елімізде тыныштық орнап, халықтың бiрлiгi мен ынтымағы арта берсін!

Құрметпен,

Шортанды ауданыны Білім беру бөлімінің басшысы

Кауметов А.

Просмотров: 957


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст