«Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение «Отдел образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Жас Ұлан" байқауы

24.11.2017

Егер сіз үнемі алда болсаңыз

Өмір ағымында, оқиғалардың ортасындасыз.

Өзгелерге де басшылық жасауға дайынсыз,

Сондықтан сіз табиғатыңыздан көшбасшысыз.

 

Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне орай «Тәрбие және білім» тақырыбында 17 қараша күні Шортанды орта мектебінің базасында «Жас Ұлан»  жастар қанатыны аудандық

көшбасшылар байқауы өтті.   

        Байқауға Интитут орта мектебінен Абдурахманова Ақмарал, Шортанды №2 орта мектебінен Скрипниченко Максим, Дамса орта мектебінен Сорокина Марина, Бектау орта мектебінен Кулеш Регина, Шортанды №3 Аман Айман, Пригородная ОМ Мамлеева Анастасия, Степная ОМ Олжабай Абылай, Новокубанка ОМ Заиченко Юлия, Новоселовка ОМ Потапова Даяна, Жолымбет №1 ОМ Мандыч Альбина, Петровка ОМ Мельник Денис қатысты.

          Аталмыш байқаудың негізгі мақсаты:  оқушылардың өзін-өзі анықтауына, өзін-өзі дамытуына  жағдай жасау;  рухани және адамгершілік құндылықтар негізінде табысқа жету жолында көшбасшылардың бағыты.

    Байқау бағдарламасы:

1.   Өзін-өзі таныстыру «Мен Қазақстан азаматым», онда көшбасшы өзін таныстыруға, азаматтық ұстаным туралы, болашақ мамандығы туралы, Қазақстанның дамуына қандай үлес қосуға болатыны туралы айтып берді.

2.   «Менің кішкентай Отанымның тарихы» жобасының презентациясы, әрбір көшбасшы өзінің туған жерінің, өмір сүріп, оқыған ауылының тарихынан  жауапты түрде мәлімдеме жасайды.

3.   Шығармашылық байқау «Мектептегі «Жас Ұлан» жастар қанатының бір күндік өмірі, әрбір көшбасшы өзінің

қолдау тобымен бірге мектепте не істелініп жатқанын көрсетті.

4.  Буккроссинг - бұл бөтен адамдар арасында кітапты алмастыру үдерісі, яғни сіз оқып отырған кітаптың «босатылғаны», адам толы немесе жасырын ортада кітапты қалдырасыз, оны біреудің тауып алып оқып, қайта босатылған мақсатта жүзеге асырылады. Осындай жолдармен қатысушылар бір-бірімен кітап алмасты.

Конкурстың қорытындысы бойынша орындар келесідей бөлінді:

1 орынды Максим Скрипниченко Шортанды №2 мектеп, Аман Айман Шортанды №3 орта мектебі 2-ші орынға ие болды, 3 орынды: Кулеш Регина Бектау орта мектебі және Мамлеева Анастасия Пригородная орта  мектебінің оқушылары иеленді. Байқаудың барлық қатысушылары дипломдармен және мақтау қағаздарымен  марапатталды.

 

Просмотров: 703


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст