«Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение «Отдел образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Рухани жаңғыру» ұлттық бағдарламасы аясында оқушылар арасында өткізілген аудандық «Не? Қайда? Қашан?» интеллектуалдық ойыны

07.11.2017

Бозайғыр орта мектебінде «Рухани жаңғыру» ұлттық бағдарламасы аясында аудандық «Не? Қайда? Қашан?» интеллектуалдық ойыны өткізілді.

 

Бозайғыр орта мектебінде ағымдағы жылдың 3-ші қараша күні «Рухани жаңғыру» ұлттық  бағдарламасы аясында аудандық мектеп оқушыларының арасында тарих пәнінің мұғалімі Сабиев Кенжеғара Жолболдыұлының жетекшілігімен «Не? Қайда? Қашан?» интеллектуалдық ойыны өте жоғары деңгейде өтті. «Ел ісін түзеуді білім беру ісін түзеуден бастау керек» - деп елбасымыз үндегендей , жас ұрпақ санасына патриоттық тәрбие беру мақсатында  Алаш партиясы және Алаш Орда үкіметінің 100 – жылдығына арналған іс – шарамыз жақсы өтілді. Шортанды №2, Бектау, Күлшін, Төңкеріс, Пригородный , Бозайғыр орта мектептерінен құралған командалар арасында тартысты ойын өтті, сөйтіп ойынға қатысқан жеті команданың ішінен жоғары ұпай санымен Шортанды №2 мектебі мен Пригородный орта мектептері финалдық ойынға шығып, нәтижесінде Пригородный орта мектебі командасы бас жүлдені иеленді.

Іс-шараның соңы мерекелік концерттік бағдарламамен ұласып, марапаттау рәсімі өтті.

Білім беру бөлімі

Просмотров: 482


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст