«Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение «Отдел образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Біздің мақтанышымыз

01.11.2017

                             Біздің мақтанышымыз

  Мемлекеттік тілді сауатты меңгеру беделін көтеру,өзге ұлт өкілдерінің оқушылары мен білім алушы жастарының интеллектуалдық, рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбие беруге мүмкіндік туғызатын шығармашылық әлеуетін дамыту, жан-жақты дамыған және әлеуметтік жауапты тұлғаны қалыптастыру идеяларын насихаттау мақсатында өткізілген аудандық шығармашылық жоба байқауында жеңімпаз атанып, облыстық байқауға жолдама алған оқушыларымыз Новокубанка орта мектебінің 2 сынып оқушысы Астимович Альнадияр- «Қазақтың ұлттық музыкалық аспабы - домбыра», Пригород орта мектебінің 4 сынып оқушысы Цейтлер Илья Адреевич- «Музыкалық аспабы- Жетіген», Пригород орта мектебінің 5 сынып оқушысы – Еремочкин Илья Сергеевич «Қазақтың салты және дәстүрі», Бектау орта мектебінің 5 сынып оқушысы Мазурок Анастасия Анатольевна,9 сынып оқушылары Кулеш Регина, Прасовская Валентина, Прасновская Кариналар «Бесіктің шығу тегі, Бесікке салу, Домбыра» тақырыптарымен қазақ тілінде жоба қорғап келді.

       2017 жылдың 29-31 қазан аралығында  Көкшетау қаласында 2-11 сынып өзге ұлт оқушыларының арасында шығармашылық жоба байқауы өтті. Байқауға әр ауданна 150 оқушы қатысқан. Бұл облыстық байқауға біздің

ауданнан жоғарыда аталған  7 оқушымыз қатысты. Байқауда жеңімпаз атанған оқушыларымыз Новокубанка орта мектебінің 2 сынып оқушысы Астимович Альнадияр- «Қазақтың ұлттық аспабы - домбыра»тақырыбымен 3 орынға ие болып,  облыс әкімінің 70 мың теңге сертификаты Ақмола облысы білім басқармасы басшысының

мақтау грамотасы мен сертификатымен және Пригород орта мектебінің 4 сынып оқушысы Цейтлер Илья Андреевич-  «Музыкалық аспап - Жетіген» тақырыбымен облыс әкімінің 90 мың теңге сертификаты Ақмола облысы білім басқармасы басшысының мақтау грамотасы мен қатысқаны үшін сертификатымен марапатталып қайтты. Бектау орта мектебінің оқушылары сертификаттармен марапаттарға ие болып келді.

 Осындай ауданымыздың және мектептеріміздің мәртебесін биікке көтеретін оқушыларымыз көбейе берсін.

 

   

Аудандық білім беру бөлімі

әдістемелік кабинет

Просмотров: 457


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст