«Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение «Отдел образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Қаржы орталығы» АҚ және жалпы білім беретін мектептер арасындағы өзара іс-қимыл мен ынтымақтастық туралы меморандум

11.10.2017

«Қаржы

орталығы» АҚ және жалпы білім беретін мектептер арасындағы өзара іс-қимыл мен

ынтымақтастық туралы меморандум

Бұдан әрі Тараптар деп аталатындар «Қаржы орталығы» акционерлік қоғамы атынан, Жарғы негізінде әрекет ететін Ибраимов Асқар Изимбаевич, бір жағынан   және 

№ ____________________________________________________________

жалпы білім беретін мектептің  атынан, Жарғы негізінде әрекет ететін директор_________________________________________________________,

Тараптар арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықты дамыту мақсатында  төмендегілер туралы келісті:

 1-бап

Тараптар тең құқық негізінде және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі (бұдан әрі – МБЖЖ) және Білім беру кредиттерін кепілдендіру (бұдан әрі – БКК) білім беру қызметтерін қаржыландыру жөніндегі  бағдарламаларды ақпараттық ілгерлету арқылы Қазақстан Республикасында қолжетімді кәсіптік бағдарламаны қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастықты жүзеге асырады.

 2-бап

Нысаналы аудиторияның тұтастығы ретінде Тараптар өз құзыреті шегінде МБЖЖ мен БКК бағдарламалары арқылы кәсіптік білім алуға тұрғындарды ақпараттандыру жөнінде белсенді ынтымақтастықта болады.

3-бап

Осы Меморандумды іске асыру нысандары:

Жалпы білім беретін мектептер үшін:

- МБЖЖ мен БКК  туралы ақпараттарды мектептің сайттарында, стендтерінде орналастыру;

- МБЖЖ мен БКК мемлекеттік бағдарламалары туралы ата-аналар жиналыстарында 1-11 сынып оқушыларының

ата-аналарына жарты жылда 1рет хабарлап отыру;

 «Қаржы орталығы» АҚ үшін:

- корпоративті сайтта және «Ya-student» ақпараттық порталында, сондай-ақ мүмкіндігіне қарай басқа да ақпараттық

арналарда  ынтымақтастық фактілерін ақпараттық жария ету;

- электронды байланыс  арқылы МБЖЖ мен БКК туралы ақпараттық материалмен тұрақты түрде қамтамасыз ету;

- бағдарламалар бойынша шарттар өзгерген жағдайда МБЖЖ мен БКК туралы өзекті ақпарат беру; 

- МБЖЖ мен БКК дамытудың өзекті мәселелері бойынша пікірлер мен ақпараттарды алмасу болып табылады.

Ақпараттық өзара іс-қимыл телефон келіссөздер, электронды хат алмасулар, жеке кездесулер арқылы жүзеге асырылатын болады.

 

4-бап

Меморандум Тараптары үшін басымдықтар:

  Жалпы білім беретін мектептер үшін:

         - МБЖЖ мен БКК шеңберінде жинақтау арқылы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламаларды іске асыратын білім беру ұйымдарына түсуде мектеп бітірушілерінің мүмкіндіктерін кеңейту;

         - мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға  ықпал ету, ол мектептің  қолайлы имиджін жасауға әсер етеді.

   «Қаржы орталығы» АҚ үшін:

         - МБЖЖ мен БКК туралы тұрғындарды ақпараттандыру деңгейін арттыру.

5-бап

Тараптар өз құзыреті шегінде ынтымақтастық процесінде кездесетін проблемаларды келісіп шешуге және жоюға

ұмтылатын болады.

Осы Меморандумның ережелерін түсіндіруге және қолдануға қатысты Тараптар арасында туындайтын

барлық мәселелер заң органына немесе үшінші тарапқа жүгінбей-ақ келіссөздер жолымен шешіледі.

 6-бап

Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Меморандумға өзгерістер мен толықтырулар енгізіле алады.

 7-бап

Осы меморандум қол қойылған сәтінен бастап күшіне енеді және кез келген тараптың біреуі оны бұзуға ниет білдіргенге дейін қолданыста болады.

 8-бап

Осы Меморандумжазбаша хабарлама жолдаумен қоса Тараптардың біреуінің бастамасы бойынша бұзылуы мүмкін.

 9-бап

         Осы Меморандум бірдей заң күші бар, әрбір Тарапқа бір-бір данадан екі данада жасалды.

 

 

Президент

 «Қаржы орталығы» АҚ

 

________________ А. Ибраимов

 

№________________________________

жалпы

білім беретін мектеп

директоры

 

___________________________________

Просмотров: 459


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст