«Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение «Отдел образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Құрметті ұстаздар! Қымбатты әріптестер! Сіздерді Мұғалімдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

29.09.2017

Құрметті ұстаздар! Қымбатты әріптестер!

Сіздерді Мұғалімдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Ұстаздар күні - бұл дәстүрлі әрі жалпыхалықтық мереке десек артық айтқандық болмас. Ұлы ғұламалардың да ұстазы болған, сондықтан болар осы

абыройлы міндетті атқарып жүргендерді халқымыз әрқашан ерекше құрмет тұтқан. Ұстаздың әр адамның жүрегінен алатын орны айрықша, қолына қалам ұстатып, алғаш әліппені үйреткен мұғалімін жылылықпен еске алмайтындар кемде кем болар. «Ұстаз» сөзінің өзі «Отан», «Ар», «Адамгершілік» сияқты қасиетті ұғымдардың қатарынан орын тебуінің өзінде үлкен мән жатыр. Мұхтар Әуезов тілімен айтсақ, «Ұстаз — ұлы есім». Елбасымыз атап өткендей, Қазақстанның алдында бәсекеге қабілетті елдердің қатарынан көріну міндеті тұр. Бұл өз кезегінде ұстаздардың

мойнына екі есе жауапкершілік жүктейді. Себебі, ертеңгі күннің қоғамдық–саяси, экономикалық мәселелерін шеше білетін білімді де білікті ұрпақ тәрбиелеу сіздердің қолдарыңызда, құрметті әріптестер! Білім берудің күрделі міндеттерін рухани бай, педагогикалық дарыны бар, шығармашылық, кәсіби тәсілдерді жетік меңгерген және жаңалыққа құштар жан-жақты тұлға ғана шеше алады. Ендеше, Сіздердің осы бағыттағы еңбектеріңіз жана берсін! «Ұстаз бақыты — озып туған шәкірті» десе, аттарыңызды Ай-әлемге паш ететін талантты да білімді шәкірттеріңіз көбейе берсін! Еңбектеріңізге табыс, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға береке тілеймін!

 

Құрметпен, Шортанды аудандық

білім беру бөлімінің басшысы

А. Кауметов.

Просмотров: 1040


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст