«Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение «Отдел образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2017 жылдың 18-ші сәуірінде Шортанды № 3 орта мектебінде Шортанды аудандық білім беру бөлімі әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен «Білім саласында интернет-ресурс жүйесін басқару» тақырыбында семинар өтті

20.04.2017

2017 жылдың 18-ші сәуірінде Шортанды № 3 орта мектебінде Шортанды аудандық білім беру бөлімі әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен «Білім саласында интернет-ресуср жүйесін басқару» атты жалпы білім беретін мектеп директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары мен  информатика пәнінің мұғалімдеріне арналған аудандық семинар-практикум өткізілді. Семинар –практикумға Ақмола облысы білім басқармасының Ақмола аймақтық білім берудегі жаңа технологиялар орталығының қызметкерлері қатысып, өзекті мәселелерге тоқталды.

         Сондай-ақ,  семинар  барысында интернет қорлардың мазмұны жөнінде және «Күнделік» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіндегі мектептердің жұмыс деңгейі туралы айтылып, нақты уақыт режимінде есептер жасау мүмкіндігі көрсетілді; «Bilimland» білім беру порталының ұстаздарға оқу процесін ұйымдастырудағы көмегі мен мектеп сайттарының жұмысы туралы айтылды.  «Күнделік» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіндегі мектептердің қиындықтары мен ұсыныстары талқыланды.

Просмотров: 440


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст