«Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение «Отдел образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мемлекеттік тілді үйреніп жатқан өзге ұлт өкілдерінің байқауы өткізілді

20.04.2017

Мемлекеттік тілді үйреніп жатқан өзге ұлт өкілдерінің

мектепке дейінгі, мектеп алды жасындағы және 1-11 сынып оқушылары арасындағы

шығармашылық конкурсы 

өткізілді

                                    

«Қазақстанның болашағы- қазақ

тілінде.2025 жылы қазақ тілі өмірдің барлық саласында негізгі   және қатынас тілі болады»

      Шортанды ауданы білім беру бөлімі 13 сәуір күні мемлекеттік тілді үйреніп жатқан өзге ұлт өкілдері мектепке дейінгі, мектеп алды жасындағы және 1-11 сынып оқушылары арасында Жолымбет №1 орта мектебінің негізінде аудандық шығармашылық байқауын  өткізді.

     Байқаудың мақсаты: мемлекеттің рухани және жалпы ұлттық құндылықтарына негізделген, мемлекеттік тілді жетік меңгеруді жоғарылатуда « Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асыру аясында оқушылардың және балалардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін қолдау және насихаттау. Байқауға Шортанды ауданының «Ақбота», «Балауса», «Балдәурен», «Ботакөз» балабақшал және орта мектептер: «Шортанлды  №1 орта мектебі», «Шортанды №2 мектебі», «»Жолымбет № 1 орта мектебі»,»Бозайғыр орта мектебі»,  Раевка ОМ, Институт ОМ, Пригородный ОМ, Новоселовка ОМ, Бектау ОМ, Степная  орта мектептері мен балабақшалардан барлығы 42 қатысушы белсенді қатысып, қазақ  тілін меңгеруде: вокалдан, әптістіктен, қазақ халқының салт- дәстүрлерін, қазақ жазушыларының тарихын, шығармашылығын, мәдениетін  таныстырудан жоғары деңгей көрсетті. Байқауға қатысушылардың  жетістіктерін құзырлы жюри бағалады, оның құрамына аудандық білім бөлімінің өкілдері кірді: аудандық әдістемелік кабинеттің меңгерушісі Ахметова Шолпан Хасеновна, аудандық білім бөлімінің әдіскері Айнагуль Хапур, қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімдері  Оңалбекова Айгүл Алияаскаровна, Кулекина Айнаш Шормановна, музыка мектебінің оқытушысы Бабченко Марина Викторовна, Жолымбет  шығармашылық Үйінің директоры Бирюкова  Наталья Брониславовна. Шығармашылық байқаудың қорытындысы бойынша қатысушылар дипломдар, грамоталар және ақшалай сертификаттармен марапатталды.

Жүлделі орындарға ие болғандар:

«Әдеби- көркем оқу» номинациясында:

Бірінші орын – Бозайғыр орта мектебінің 4-сынып оқушысы Беседина Карина, жетекшісі  Толубаева Маншук Жанабековна.

Екінші орын – Войцеховский Вадим» Ботакөз» балабақшасы, жетекшісі Бигаринова А.С. Рябикова Екатерина- « Балауса» бала-бақшасы, 1 »А» сыныпа оқушысы Кутаренко Юлия Жолымбет № 1 орта мектебі, жетекшісі Алиева К.С.,6-сынып оқушылары Солиенко Юлия Жолымбет № 1 орта мектебі, жетекшісі Жунусова Л.Қ. 4-сынып оқушысы Еремочкин Илья Пригородный ОМ, жетекшісі Сагнаева Г.Б. 7-сынып оқушысы Горбунова Инна Раевка ОМ , жетекшісі Бугубаева Г.Т.1-сынып оқушысы Рудич Игнат Шортанды № 1 ОМ, 4- сынып оқушысы Хейдер Диана Шортаенды № 2 ОМ.

Үшінші орын – Белан Вероника –«Ботакөз» балабақшасы, жетекшісі Бигаринова А.С.Лавринович Кирилл « Балауса» балабақшасы, 3 «Б» сынып оқушысы Юсупова Камила Жолымбет № 1 ОМ, жетекшісі Орынбасар Қ.Ғ. 4- сынып оқушысы Гинатуллина Виолетта Институт ОМ, 4-сынып оқушысы Миханчик Виолетта Пригородный ОМ, жетекшісі Сагнаева Г.Б., 5-сынып оқушысы Воекова Алина Степная ОМ, жетекшісі Алдабергенова А.Г.Тумбаева

Людмила Новоселвка ОМ.

«Музыкалы қонақжай»

номинациясында екінші орын  - 6 «А» сынып оқушысы Яровая Анастасия  Жолымбет № 1 орта мектебі», жетекшісі Тен Е.В., Герасимова София «Ботакөз» бала-бақшасы, жетекшісі Абдрахманова М.Е. Дик Неллит "Ақбота" бала-бақшасы, Ивашукевич Ольга «Балдаурен» балабақшасы, 6- сынып оқушысы Горай Лейла Институт ОМ, Потапова Кристина Новоселовкпа ОМ,1-сынып оқушысы Бодаренко Роман және дайындық сынып оқушысы Щербань Илья Шортанды № 2 ОМ.

«Театрландырылған

қойылым» номинациясында үшінші орын – Бударина Софья «Ботакөз»бала-бақшасы, жетекшісі Бигаринова А.С.

«Ұлттық қолданбалы

өнер» номинациясында  үшінші орын  4- сынып оқушысы Мазурок Анастасия Бектау ОМ

жетекшісі Батен М. және Вергасова Дарья Институт ОМ.

 

 

 

                                Шортанды ауданы

  білім беру бөлімінің

 әдістемелік кабинеті

 

 

 

Просмотров: 459


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст