«Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение «Отдел образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Құрметті әріптестер мен сайт қонақтары, Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен Шын көңіл, ақ ниеттен құттықтаймыз!

18.03.2017

Құрметті әріптестер мен сайт қонақтары, Сіздерді Ұлыстыңұлы күні – Наурыз

мерекесімен шын көңіл,ақ ниеттен құттықтаймыз!  

Ежелден жаңару мен жасампаздықтың бастауы,ырыс пен берекенің арқауы болған Әз-Наурыз қажырлы еңбектеріңізгетолағайта быстар әкелсін. Ел тыныш, туған жер аман болып, арайлап атқан әрбір таң шат көңіл, бақыт және береке сыйласын.

Ақ мол, жылы рысты болсын!  

Ақтілек бейбітшілік аман болсын!

Елім, жұртым қадірлі аман болсын!

Туғандай бір анадан жамағаттар

Достыққа берік, мықты адал болсын!

Наурыз мейрамы құтты болсын!

Ұлыс оң болсын!

Ақ мол болсын!

Қайда барсақ жол болсын!

Ұлы халқымыз тоқ болсын!

Қайғы уайымым жоқ болсын!

Қуаныштары көп болсын!

Жер-жаһанды сері самалға өткізіп,жұрттың аузын аққа жеткізіп, нұр тамшыларын аямай төккізіп, қиындықтың бәрін келер жылға өткізіп, Самарқанның көк тасын ерітіп, алтын күрек пен жер жүзін жібітіп,

тас жүректерді мейіріммен үгітіп, жеті қат жерастына дейін балқытып, жыл құстарының әнін шалқытып, Жетісуға жасылдан көйлек кигізіп, Сарыарқаны самал желге сүйгізіп, Алатаудың төбесінен көкке тигізіп, Қаратауға құт-берекені үйгізіп, ақ бұлақтарды ақтартып, шың-құздарды шаттанып, тізбектеп тырналарды, сүйгізіп сырғаларды,шоршытып балықтарды, шапшытып арықтарды, тербелтіп наз қайыңдарды, төгілтіп жаз жайында әнді, қаздарды қаңқылдатып, найзағай жарқылдатып, айтып ертегіңді, жайып желкеніңді, жетіп келген әз-Наурыз мейрамы құтты болсын!!!

 

Шортанды аудандық білім беру

бөлімінің басшысы

А. Кауметов

Просмотров: 431


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст