«Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение «Отдел образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Аудандық семинар

09.01.2017

        Шортанды № 2 орта мектебінде 2016 жылдың 29-шы қарашасында деңгейлік оқытудың педагогикалық технологияларының ерекшеліктерін зерделеу, оларды оқу үрдісіне енгізу, озық педагогикалық тәжірибені жетілдіру және жинақтау мақсатында  «Оқыту кедергілерін

жеңу мақсатында педагогикалық тәсілдерді таңдау және нақтылау» атты аудандық семинар

өткізілді.

Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарына және Білім мен ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жаңартылған білім мазмұнына кезең-кезеңімен көшу биылғы 1-ші қыркүйектен басталды. Мемлекеттік бағдарлама еліміздің барлық мектептеріне Назарбаев зияткерлік мектептерінің тәжірибесі бойынша жаңаша оқыту әдісі бірінші сыныптан бастап енгізілді. Бағдарламаның мақсаты оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерін және критериалды бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін

жетілдіру, жаңартылған білім бағдарламасының құрылымын, оқыту материалдарының күрделілігін түсіну, педагогикалық тәсілдерді игеру және қолдана білу, оқу мақсатына қол жеткізу барысында критериалды бағалау жүйесін қолдану, жүзеге асыру екені маңызды болып отыр.

2016 жылдың 29-шы қарашасында Шортанды № 2 орта мектебінде деңгейлік оқытудың педагогикалық технологияларының ерекшеліктерін зерделеу, оларды оқу үрдісіне енгізу, озық педагогикалық тәжірибені жетілдіру және жинақтау мақсатында,«Оқыту кедергілерін жеңу мақсатында педагогикалық тәсілдерді таңдау және нақтылау»

атты аудандық семинар өткізілді. Семинар 83 мұғалімді қамтыды.

Шортанды № 2-ші орта мектебінің 1 деңгейлі курстан өткен педагогтар бағдарлама бойынша: «Использование стратегий критического мышления на уроках в целях преодоления барьеров в обучении учащихся», «Выявление барьеров в обучении. Выбор и конкретизация педагогических подходов в целях преодоления барьеров в обучении»,  «Интеграция формативного оценивания в план урока»коучинг тәсілдемесі арқылы жүргізілетін тренингтарды көрсетіліп,  әрі қарай  2,3-ші деңгейлі курстан өткен ұстаздар ашық сабақтарда жүзеге асырды: қазақ әдебиетінен  «Жамбыл Жабаев»  11-сынып, алгебрадан«Числовая последовательность и способы её задания»- 9 сынып, дүние жүзі тарихынан «История «государственного экстремизма»» - 9 сынып,орыс тілінен «Синтаксический разбор сложного предложения» - 5 сынып, математикадан «Решение задач разных видов»- 4 сынып,

қазақ тілінен ашық сабақ  «Киіз үй»  9-сыныпта, орыс тілден  «Род имени существительного»- 3 сынып, Қазақ

тілінен ашық сабақ «Киімдер»  0-сынып.

Ақмола облыстық білім басқармасының оқу –әдістемелік кабинеттің әдіскері Смаилова Майра Исполовна, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының  инновациялық технологиялар және жаратылыстану математикалық және гуманитарлық пәндер кафедрасының аға мұғалімі  -Суюндукова Баян Сабитовна, педагогикалық  шеберлік  орталығының аға менеджері – Рахымжанова Баян Қаиржановналар семинар барысында өткізілген іс-шараларға қатысып, жиналған мұғалімдермен кері байланыс жасап, өз пікірлері мен ұсыныстарын айтты.

Білім беру мазмұнын жаңарту бағдарламасы «Мәңгілік ел» құндылықтарына негізделген. Былайша айтқанда, қазақстандық патриотизм, азаматтық жауапкершілік, еңбек, шығармашылық деген сөз.

Мұғалімдердің өз  жұмысында  жаңаша әдістерді қолданып ұйымдастыру мен жоспарлаудың нәтижелі екендігін, мұғалімдердің педагогикалық тәжірибелерінен байқалды. Дегенмен, аталмыш мектеп ұстаздарының заман

талабына сай оқушыларға жаңаша әдіс-тәсілдермен дәріс беру белсенділігі ерекше. Бұл жас ұрпақтың мектеп қабырғасында білімді жан-жақты игеруіне жағдай жасайды.

 

 

Шортанды аудандық

білім беру бөлімінің әдістемелік

кабинеттің меңгерушісі

 Ш. Ахметова

Просмотров: 615


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст