«Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение «Отдел образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Оқу-тәрбие процесінің тиімділігін және мұғалімнің кәсіби шеберлігін арттыруға бағытталған білім беру процесін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету» атты аудандық әдістемелік Кеңесі өткізілді.

03.03.2018

Практикалық қызметте ҚР Президенті Н. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына жолдауын, атап айтқанда «Адами капитал-жаңғыру негізі» жетінші бағытын басшылыққа алу мақсатында 2018 жылдың 28-ші ақпанында «Оқу-тәрбие процесінің тиімділігін және мұғалімнің кәсіби шеберлігін арттыруға бағытталған білім беру процесін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету» атты аудандық әдістемелік Кеңесі өткізілді.

         Кеңес барысында  келесі мәселелер қарастырылды:

1.     Мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру саласында нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру

2.     «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын  талқылау

3.    2017-2018  оқу жылы Қорытынды аттестаттау мен Ұлттық бірыңғай тестілеудің жаңа форматы жөнінде

4.    Мектептердің халықаралық, республикалық, облыстық, аудандық байқаулар мен сайыстарға  қатысу мониторингі  және т.т сұрақтар қарастырылды.

Әдістемелік жұмысты жаңа тұрғыдан ұйымдастыруда, өзгерістер мен жаңартуларды жүзеге асыру өзекті мәселелерінің бірі болып есептеледі екені жөнінде сөз қозғады. Сол себептен әдістемелік жұмыс жүйесінің ағымдағы жай-күйін талқылау және негізгі бағыттары мен даму перспективаларын анықтау туралы айтып өтті.

Әдістемелік Кеңестің шешімі:

1. Практикалық қызметте ҚР Президенті Н. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына жолдауын, атап айтқанда «Адами капитал-жаңғыру негізі» жетінші бағытын басшылыққа алу;

2. «Үштілді білім беруді дамытудың  2015-2020 жылдарға арналған жол картасын» іске асыру;

3. Инклюзивті білім беру жүйесін одан әрі дамыту бойынша кешенді шараларға қатысу;

4. Педагогикалық тәжірибе алмасуы жұмыстарын жүйеге келтіруін назарға алу;

5. 2018 жылдың 15 наурызына дейін «Үздік педагог» байқауын мектепшілік деңгейде өткізіп, аудандық білім беру бөліміне құжаттарды жіберу;

6. Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА, "Өрлеу" АҚ филиалы Ақмола облысы бойынша БАҰО ғылыми-әдістемелік журналдары  және басқа да бұқаралық ақпарат құралдары арқылы озық педагогикалық тәжірибені тарату;

7. «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақала аясында адамгершілік -рухани тәрбиенің білім беру мазмұнын жаңартудың  негізгі мәселелері бойынша білім беру ұйымдарының қызметін әдістемелік қолдауды жетілдіру.

8. Жаңа үлгілік  оқу жоспарларын зерттеу және түсіндіру бойынша жұмысты күшейту.

9. Мектеп басшыларының кәсіби құзыреттілігін дамыту жұмысын жүйеге келтіру

10. Білім беру мазмұнын жаңартудың негізгі мәселелері бойынша  Жоғарыда көрсетілген ақпараттарды педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыру жөніндегі жұмысты күшейту.

11. Білім беру ұйымдарына, соның ішінде шағын жинақты  мектептерге, ресурстық орталықтарға, жас

педагогтарға оқыту және тәрбиелеу сапасын арттыру  мақсатында әдістемелік көмек көрсету бойынша

жұмысты жалғастыру.

12. Аудандағы Жетекші мектептердің жұмысын жетілдіру.

Просмотров: 601


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст